Бірлік пен ынтымақтастыққа 30 жыл

Мерекелік шара алдымен «Көңілашар» халықтық мәдени үгіт бригадасының сахналық қойылымымен бастау алды.
«Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі 1 наурыз – Алғыс айту күнімен, Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойымен және Қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймын!
Қазақстан халқының бірлігін паш ететін, мейірімділіктің, өзара көмек пен жақсылықтың арқауына айналған бұл мереке тіршілік атаулы жанданып, жер-дүние жаңара бастайтын көктем кезеңінде тойлануы тегін емес.
Бұл күн ел бірлігін бекемдейді, тұғырлы татулығымыз бен ырысты ынтымағымызды жаңа белеске жетелейді. Амал мерекесімен ұштасатын айтулы күн қазақ күнтізбесінде алғыс пен алғаусыз тілектің, ізгі пейіл, кең жүректің көрінісі ретінде дәріптеледі. Бүгінгі айтулы күнді пайдалана отырып, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосып, ел үшін еңбек етіп жүрген жомарт жанды жерлестерімізге, ақ халатты абзал жандарымызға, болашағымызды білім нәрімен сусындатып жүрген ұстаздарымызға, қауіпсіздік пен құқық қорғау органдары қызметкерлеріне және барлық саладағы еңбеккерлерге шынайы Алғысымды білдіремін» - деп ізгі лебізін арнады. 

Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келген қос мерекені дәріптеген кеште ауданның өсіп-өркендеуіне үлес қосып, елеулі еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтар аудан әкімінің Алғысымен марапатталды.
Салтанатты кеш мерекелік әндер шырқалып, жас ақындардың жаңа туындылары тыңдалған, мың бұрала билеген бишілер өнер көрсеткен мерекелік концертпен жалғасты.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
