Аудан әкімі жұмысшы мамандық иелерін қабылдады

Еркін форматта өрбіген емен-жарқын жүздесуде аудан әкімі қоғам қажетіне жарап, түрлі саланың шылбырын қаққан нәзік жанды арулардың еңбектерін ерекше бағалайтынын жеткізді.
– Мемлекет басшысының Жарлығымен биылғы жыл – «Жұмысшы мамандықтар жылы» болып жарияланды. Елімізде жұмысшы мамандықтары кеңінен дәріптеліп, қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясы насихатталуда. Біз де өзінің табысын маңдай терімен табатын, өздеріңіздей еңбек адамдарын әрдайым жоғары бағалаймыз. Нәзік жанды бола тұра, біріңіз - балық шаруашылығында, біріңіз - тұз өндірісінде, темір жол, пошта торабы, газет тасымалдаушы сынды өзге де салаларда ер азаматтармен иық тірестіре еңбек етіп келесіздер. Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек, – деді аудан басшысы А.Оңғарбаев.
Аяулы жандарға деген құрмет мұнымен шеткелген жоқ. Туған жердің дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан нәзік жандылар мерекелік басқосуда аудан әкімінің Құттықтауымен марапатталды. Аналарға арналған әсем ән жолданып, арнайы гүл шоқтары тарту етілді.
Басқосу соңында құрметке бөленген іскер әйелдер қауымы ерекше ризашылықтарын білдіріп, еңбек майданындағы өзге де нәзік жандыларды мерекемен құттықтады.
Жан жадыратар шуақты мереке қарсаңындағы іс-шаралар легі мұнымен шектеліп қалмайды. Түрлі салаларда айшықты мұзмұнға ие мереке өз мәнінде аталып өтіліп, нәзік жандыларға айрықша құрмет көрсетілетін болады.





Фото: Арал ауданы әкімдігі