Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан басшысы жұмысшы жандармен кездесті

Аудан басшысы жұмысшы жандармен кездесті

Бүгін аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай қала тазалығы мен көркейуіне ерекше атсалысып жүрген бір топ әйелдер қауымымен жүздесіп, мерекеге орай сый-құрмет көрсетті.
Бас шаһардың тазалығы жолында қыстың қытымыр аязы мен жаздың аптап ыстығына қарамай қызмет етіп жүрген жұмысшы жандардың еңбегі ешқашан ескерусіз қалмайды.
Аудан әкімі алдымен қаладағы «Жалаңтөс Бахадүр» алеясында және «Даңқ» алаңында жұмысшы әйелдер қауымымен пікірлесіп, өзінің мерекелік лебізін білдірді.
«Күннің ыстығына, суығына қарамай шағын қаламыздың көркеюіне, гүлденуіне қызмет істеп келесіздер. Әрине Сіздердің еңбектеріңіз ерекше. Ыстық көңілден, шын жүректен барша ер азаматтардың атынан Өздеріңізге деген құрметімізді қабыл алыңыздар! Әрдайым жүздеріңізден күлкі кетпей, жадырап-жайнап жүре беріңіздер!» деген аудан әкімі барша жұмысшы әйелдер қауымына сый-сияпат табыстады.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Арал ауданы әкімдігі
07 наурыз 2025 ж. 49 0