Мониторинг жұмыстары жүргізілді
Облыстық білім басқармасы жанынан білім беру ұйымдарындағы асхана және тамақтану сапасын бақылау мақсатында құрылған ведомствоаралық сараптамалық топ Арал қаласының мектептеріне мониторинг жұмыстарын жүргізді. Топ құрамында: бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі - Тоғанова Жақсыгүл Қоханқызы, «Арал аудандық көп бейінді орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК-ның ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары – Жусупова Раиса Куантхановна, «AMANAT» партиясы Арал аудандық филиалының консультанты – Құдайбергенов Болатхан Әлімұлы.
Мониторинг барысында білім беру ұйымдарындағы асханалар жұмысының санитарлық ережелерге, сондай-ақ балалар тамағының арнайы бекітілген нормаларға сәйкестігі, тамақтандыру бойынша құжаттардың заңға сай рәсімделуі және басқа да талаптардың орындалуы зерделенді.
#AMANAT
#KPK










