Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал: Мерекеде 6 сәби өмірге келді

Арал: Мерекеде 6 сәби өмірге келді

Kyzylorda-news.kz 8 наурыз - Халықаралық əйелдер күні мерекесінде Арал ауданында 6 сəби дүние есігін ашты. Осыған орай, Арал ауданы әкімінің орынбасары Н.Бохаев және Арал қаласының әкімі Б.Ұзақов аудандық перзентханаға барып, жаңа туған сәбилердің аналарын мерекемен құттықтады.

Мерекеде қуанышқа кенелген жас аналарға аудан әкімінің құттықтауы мен сый-сияпат табыс етті. Сонымен бірге, дүниеге есігін ашқан 3 ұл және 3 қыз баланың денсаулығы мықты боп, еліміздің мақтанышы боп өсуіне тілектестіктерін білдірді.

Өз кезегінде жаңа босанған аналар да көрсетілген құрметке ризашылықтарын жеткізді.

Фото: Арал ауданының әкімдігі
10 наурыз 2025 ж. 72 0