Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет басшысы боксшы Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы боксшы Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық боксшы Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады.
– Назым Қызайбайды отандық бокс тарихында тұңғыш рет үш дүркін Әлем чемпионы болуымен құттықтаймын. Бұл – айтулы жетістік! – деді ол.
Сербияда өтіп жатқан Әлем біріншілігінде үздік нәтиже көрсеткен Ұлттық құрама мүшелеріне алғыс айтамын. Спортшы қыздарымыздың алдағы уақытта да үлкен жеңістерге жете беруіне тілектестік білдіремін, – деп жазды Мемлекет басшысы Instagram әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында.
16 наурыз 2025 ж. 27 0