Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 21 мың теңгеден жәрдемақы: Кеңес алуға болатын телефон нөмірлері жарияланды

21 мың теңгеден жәрдемақы: Кеңес алуға болатын телефон нөмірлері жарияланды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері ел өңірлерінде атаулы әлеуметтік көмек бойынша консультациялар өткізуде, – деп хабарлайды “ZhambylNews” AA primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
1 сәуірден бастап аз қамтылған азаматтар үшін атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) көрсетудің жаңа форматы күшіне енді. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен АӘК көрсету критерийі 14 849 теңгеден 20 789 теңгеге дейін көтерілген болатын. Бұл тапсырманы сапалы орындау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті орталық аппаратының қызметкерлері АӘК белгілеу және төлеу бойынша кеңес беру үшін ел өңірлеріне аттанды.
«31 наурыз бен 2 сәуір аралығында консультативтік топтар барлық облыстарда, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейді.
Сонымен қатар, «111 шұғыл қызмет» бірыңғай байланыс орталығының негізінде атаулы әлеуметтік көмекті алушылар үшін «жедел желі» ашылды. «111» нөмірі арқылы анықтамалық ақпаратты, мамандардың кеңесін және АӘК белгілеуге, қандай да бір жеңілдіктер мен жәрдемақылар түрлерін беруге байланысты сұрақтарға жауаптарды тегін алуға болады», – делінген хабарламада.
АӘК белгілеу мен төлеу бойынша қосымша анықтамалық ақпаратты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестірудің өңірлік басқармаларынан келесі нөмірлер бойынша алуға болады:
Қала, облыс
Байланыс нөмірлері
1.
Нұр-Сұлтан
8 (7172) 55-68-40, 8 (7172) 55-68-00
2.
Алматы
8 (727) 261-67-24
3.
Шымкент
8 (7252) 27-71-29,8 (7252) 27-66-81,
Call-center: 1313
4.
Ақмола облысы
8 (7162) 29-86-24,8 (7162) 29-86-27,
8 (7162) 29-86-26,
8 (7162) 29-86-25
5.
Ақтөбе облысы
8 (7132) 54-34-97
6.
Алматы облысы
8 (7282) 32-96-69
7.
Атырау облысы
8 (7122) 32-48-28,8 (7122) 35-43-49
8.
Шығыс Қазақстан облысы
8 (7232) 75-17-99,8 (7232) 75-13-66
9.
Жамбыл облысы
8 (7262) 45-55-60
10.
Батыс Қазақстан облысы
8 (7112) 51-42-47
11.
Қараганды облысы
8 (7212) 43-20-94,8 (7212) 43-16-80
12.
Қостанай облысы
8 (7142) 50-16-11
13.
Қызылорда облысы
8 (7242) 27-41-65
14.
Маңғыстау облысы
8 (7292) 60-52-53
15.
Павлодар облысы
8 (7182) 90-31-42
16.
Солтүстік Қазақстан облысы
8 (7152) 46-73-51
17.
Түркістан облысы
8 (72533) 5-95-49,8 (72533) 5-95-54




05 сәуір 2019 ж. 1 130 0