Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудандық партия филиалында фракция отырысы болып өтті

Аудандық партия филиалында фракция отырысы болып өтті

Кеше «AMANAT» партиясы Арал аудандық филиалы мәжіліс залында фракция отырысы өтті. Фракция отырысына партия филиалының төрағасы, аудандық мәслихат төрағасы Төреахметов Базарбай Шөменұлы, фракция мүшелері қатысты. Отырысты фракция жетекшісі Жангүшікова Шарбану Байділдақызы ашып жүргізді.
Күн тәртібіне сай бір мәселе қаралды:
«Арал аудандық көп бейінді ауруханасы» ШЖҚ КМК бас дәрігерінің 2024 жылғы атқарған және алдағы уақытта атқаратын жұмыстарының есебі туралы
Күн тәртібіндегі бірінші мәселеге байланысты «Арал аудандық көп бейінді ауруханасы» ШЖҚ КМК бас дәрігері Б. Қуанышбаевтың хабарламасы тыңдалды.
Фракция отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселе толығымен қаралып, тиісті қаулы қабылданды.
#AMANAT
19 наурыз 2025 ж. 37 0