Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 460 миллион теңге залал келтірген: «Қазақтелеком» филиалының басшысына қатысты тергеу аяқталды

460 миллион теңге залал келтірген: «Қазақтелеком» филиалының басшысына қатысты тергеу аяқталды

«Қазақтелеком» АҚ филиалының лауазымды тұлғаларына қатысты қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану жөніндегі қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды. Бұл туралы Syrboyi.kz    сайты хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлімдеді.

«Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазақтелеком» АҚ-ның жылжымайтын мүлік портфелін басқаруға жауапты бөлімшесі – Сервис фабрикасы филиалының лауазымды тұлғаларына қатысты қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады», – делінген хабарламада.

Филиалдың бас директоры мен қызметкері Тараз қаласындағы әкімшілік ғимаратты кәсіпкерге әдейі төмендетілген бағамен сату арқылы 460 миллион теңгеден астам залал келтірді деген күдікке ілінген.

«Қабылданған шаралардың нәтижесінде аталған жылжымайтын мүлік нысаны мемлекет меншігіне қайтарылды», – делінген хабарламада.

Фото: gov.kz 
21 наурыз 2025 ж. 33 0