Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі сексеуілдік ақсақалды мерекесімен құттықтады

Аудан әкімі сексеуілдік ақсақалды мерекесімен құттықтады

Елге барса үлкенге сәлем бере кететін қазақтың дәстүрлі жолымен аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев Сексеуіл кентіне барған сапарында кент тұрғыны, темір жол саласының ардагері, 86 жастағы Орынбай Оразаев ақсақалдың шаңырағына барып, қазыналы қарияны мерекесімен құттықтады.
Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың арнайы сәлемін ала келген аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы ардагерге облыс әкімінің мерекелік Алғыс хатын табыс етіп, арнайы сый-сияпат жасады.
Болат жол бойындағы жұмыстың маңызды бөлігіне айналған желілік электр тарату торабында ұзақ жыл еңбек еткен Орынбай ақсақал бүгінде ауылдың қазына кеуде, шежіре сандық қарияларының қатарында.
Ұл-қыз өсіріп, өріс кеңейткен өнегелі әулеттің алып шынарына айналған ақсақал шаңыраққа арнайы келген ел азаматтарына ризашылығын білдіріп, батасын берді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі
22 наурыз 2025 ж. 96 0