Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Салалық кәсіподақ ұйымының VIII съезі өтті

Салалық кәсіподақ ұйымының VIII съезі өтті

Күні кеше Арқа төсінде «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ-нің VIII кезекті Съезі өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен делегаттар қатысқан айтулы жиынға Сыр елінен одақтың Қызылорда облысы бойынша филиал төрайымы Раушан Балтабайқызы, облыстық филармония бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Қанат Заитов және т.б. делегация мүшелері қатысып қайтты.
Күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер сараланып, саланың дамуындағы оң өзгерістер ортаға салынған жиын соңында бастауыш кәсіподақ ұйымының жылына арналған Республикалық байқау-конкурстың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқау нәтижесінде, «Үздік филиал» номинациясы бойынша Қызылорда облысының салалық кәсіподақ ұйымының филиалы арнайы III дәрежелі дипломмен марапатталды. Ал ұйым төрағасы Қанат Сәбитұлы еңбек адамының мүддесін қорғау мен кәсіподақ қозғалысын дамытудағы сіңірген еңбегі үшін федерация төрағасы С.Дәулеталиннің арнайы Алғыс хатымен марапатталды.

Ақпарат көзі: syrboyi.kz
Фото: Қызылорда облыстық филармониясы
17 сәуір 2025 ж. 94 0