Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жерлесіміз Президент қолынан алғыс алды

Жерлесіміз Президент қолынан алғыс алды

Астанада өткен “Таза Қазақстан” республикалық экофестиваліне қызылордалық жастар да қатысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастар ұсынған жобалармен танысқанын жеткізіп, әр бастамадан туған елге, табиғатқа деген қамқорлық байқалатынына назар аударды.
“Таза Қазақстан” жобасында туған жерге жанашырлық танытқан санасы сергек, ойы ұшқыр жастарға Президент арнайы Алғыс білдірді.
Экологияны жақсартуға үлес қосқан отаншыл азаматтардың қатарында Облыстық жастар орталығы директорының орынбасары Қорған Өтегенов те бар.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы Жолдауынан бастау алған “Таза Қазақстан” бағдарламасы қазір экочелленджге айналып, еліміздің әр бұрышында жүзеге асырылып жатыр.
Қызылорда облысы жоба аясында 4 мың тоннаға жуық қоқыс тазаланып, 50 мыңға жуық біздің аймақта жерсінетін көшет отырғызылды.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі 
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі 
22 сәуір 2025 ж. 64 0