Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Президентті ұлықтау рәсімі: Қ.Тоқаев Қазақстан халқына ант берді

Президентті ұлықтау рәсімі: Қ.Тоқаев Қазақстан халқына ант берді

Рәсім кезінде Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан Республикасы президентінің куәлігін тапсырды. Осыдан кейін президент Қазақстан халқына ант берді.
«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, Қазақстан Республикасы Президентінің өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар, Президент Қ. Тоқаев әр сөзінде жастарымыздың ұшқыр және озық ойлы екенін мақтан етіп келеді. Сол себепті, Мағжан атамыздың «Мен жастарға сенемін» деген сөзін үнемі тілге тиек етеді. Шын мәнінде, қоғам жастарды әрдайым қолдауы керек. Өйткені, өскелең ұрпақ қана елімізді жарқын болашаққа бастайды. Бірақ, біз жастар осы жетістікке жету үшін көп еңбектенуіміз керек.

Жаңа білім алуға, тың тәжірибе жинауға ұмтылғанымыз жөн. Сонда жастарымыз өз кәсібінің хас шебері атанары хақ. Әрдайым сұранысқа ие болады, қоғамда сыйлы болады. Міне, осылай өмір сүрген адам ешқашан, ештеңеден ұтылмайды.

Нұрсұлтан АЛДАМҰРАТОВ,
Арал аудандық жастар ресурстық орталығының маманы
26 қараша 2022 ж. 572 0