Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа Қазақстанның тірегі – жалынды жастар

Жаңа Қазақстанның тірегі – жалынды жастар

Бүгін ұлықтау рәсімінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ант қабылдап, біршама мәселелер жөнінде айтып өткен болатын. Соның ішінде ертеңгі ел болашағы жастар қолында екендігін де сөзге тиек етіп, жастарды қолдау қажеттілігін айтты.

«Біз өркениеттің алғы шебіндегі мемлекетке айналу үшін тек үйренетін емес, өзгеге үйрететін ұлтқа айналуымыз қажет. Сондай-ақ, тек тұтынушы емес, жаңа дүниені өндіруші ұлт атануымыз керек. Оған халқымыздың әлеуеті, дарыны, қарым-қабілеті жетеді. Мен біздің жастарымыздың ұшқыр және озық ойлы екенін мақтан етемін. Сол себепті, Мағжан ақынның «Мен жастарға сенемін» деген сөзін үнемі айтамын. Шын мәнінде, бәріміз жастарымызды қолдауымыз керек. Өйткені, өскелең ұрпақ қана елімізді жарқын болашаққа бастайды. Бірақ, жастар жетістікке жету үшін көп еңбектенуі керек. Жаңа білім алуға, тың тәжірибе жинауға ұмтылған жөн. Сонда жастарымыз өз кәсібінің хас шебері атанады. Әрдайым сұранысқа ие болады, қоғамда сыйлы болады. Міне, осылай өмір сүрген адам ешқашан, ештеңеден ұтылмайды»-деді мемлекет басшысы.

Иә, қай уақытта болмасын қоғамның қозғаушы күші жастар екендігі белгілі. Осыған орай мемлекетіміз ел болашағы үшін жастар саясатының жүйелі жүргізілуі үшін біршама жұмыстар атқарып келеді. Бәсекеге қабілетті жастар буыны – мемлекеттің тұрақты дамуының негізі болмақ.

Ержан САБЫРБАЙ,
"Жастар Рухы" жастар қанатының жетекшісі


26 қараша 2022 ж. 835 0