Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәмелет жасқа толмаған жастарымызды қадағалайық.

Кәмелет жасқа толмаған жастарымызды қадағалайық.

Әр елдің болашағы өсіп келе жатқан жастарымыздың қолында екендігі жөнінде әлемдегі өркенетті мемлекеттерде бұрыннан айтылып келе жатқан және қолға алынынған мәселе екені белгілі. Жарқын болашақ жарқын да жалында жастарда. Қазақстан мемлекеті болашақты тек жастармен тікелей байланыстырып, жастардың білімдар зерек, зерделі болуы үшін олардың талаптанып, көп ізденуіне мүмкіндіктер беріп, үнемі жол ашуда. Быйылғы жастар жылына еліміздегі жастарға көптеген бағдарламалар жеңілдіктер ашылуда. Жалпы кәмелет жасқа толмағандардың болашақта қоғамның белді азаматы болу үшін, оларды құқық табалдырығынан «сүрінбей» аттауы үшін құқықтық сананы үнемі жетілдіріп отыруы керек екені айтпасада түсінікті. Немесе сол құқық сананы үнемі жетілдіріп отыру болашақты терең ойлайтын кез-келген жас үшін өмір заңдылығы ретінде қалыптастыру керек. Сондай-ақ ауданымыздағы кәмелет жасқа толмаған жастарымыздың арасында әкімшілік құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында   Арал аудандық пробация қызметі бөлімімен, «Нұр Отан» партиясының  Арал аудандық филалы «Жас Отан» жастар қанатының бөлімше бастығы , және Арал аудандық білім бөлімі жанындағы балалар құқығын қорғау әдіскері А.Әбдікерова Арал аудандық ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ның статис маманы А.Қыдырбаева және АІІБ-і ЖПҚ-ның ЮПТ-ның инспекторлары және жастар қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп Арал қаласын түнгі мезгілде  аралап жасөспірімдерді құқық бұзушылық пен қылмыс жасамау жөнінде, «Түнгі уақыт жүрісі» жөнінде кезіккен жасөспірімдерге насихат жұмыстары жүргізілді. Ондағы мақсат жастарды жастарды ішімдікке әуестену, есірткі шегу, төбелеске әуестену, қатыгездік пен мейрімсіздікті болдырмау, оларды керсінше отансүйгіштікке еліміз Қазақстан Республикасын тек биіктен танытатын жақсы азамат пен азаматша болуға, Сондай-ақ жастарымызға оңай жолмен пайда табудың жазасының қаншалықты ауыр екені, алайда кей жастарымыз біле тұра осы қателікке бой алдыратыны да аз емес. Қазіргі уақытта жыл басынан бері Арал ауданында жыл басынан бері кәмелет жасқа толмаған жастар арасында 5 қылмыстық іс орын алып қысқарған. Арал аудандық пробация қызметі бөлімінің есебінде қазіргі уақытта кәмелетке толмаған жасөспірімдер тұрмайды. Жастарымызға қоршаған ортаның ықпылымен көмегі жеткілікті деп ойлаймын. Олай болса бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін болып бірігіп, кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдерімізді қателеспеуге, халқымыздың татулығына, отанымыздың тыныштығы үшін көмектесейік ағайын.

Е.Жарасов
Арал аудандық ПҚ-ның
ювеналды инспекторы
әділет  лейтенанты
12 шілде 2019 ж. 1 117 0