Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әкімшілік іс медиация тәртібімен сот өндірісінен тоқтатылды

Әкімшілік іс медиация тәртібімен сот өндірісінен тоқтатылды

Арал аудандық сотында азаматша С-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, Құқық бұзушы С. 11 мамыр 2018 жылы сағат 13:00 шамасында, өзінің тұрғын үйінде кәмелет жасқа толмаған немересі Ж-ны қолынан ұрып жіберіп, тән ауруына ұшыратқан, бiрақ денсаулыққа жеңіл зиян келтiруге әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасаған.
Сот талқылауы барысында, жәбірленуші мен құқық бұзушы кәсіпқой медиатор Б.Бердалиевтың араласуымен медиациялық келісімге келіп, әкімшілік істі өндірістен тоқтатуды сұраған.
Сот қаулысымен азаматша С-ға қатысты әкімшілік іс, тараптардың медиация тәртібімен келісімге келулеріне байланысты өндірістен тоқтатылды.

Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі
07 маусым 2018 ж. 991 0