Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Отбасындағы жанжал медиация тәртібімен реттелді

Отбасындағы жанжал медиация тәртібімен реттелді

Арал аудандық сотында азамат К-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы К. 19 сәуір 2018 жылы, сағат 05:00 минут шамасында, алкогольдік ішімдік ішкен мас күйінде өз үйінде жанжал шығарып, әйелі И-ге балағат сөздер айтып, жанұя шырқын бұзып, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасаған.
Сот талқылауы барысында, жәбірленуші мен құқық бұзушы медиациялық келісімге келіп, әкімшілік істі өндірістен тоқтатуды сұраған.
Сот қаулысымен азамат К-ге қатысты әкімшілік іс, тараптардың медиация тәртібімен келісімге келулеріне байланысты өндірістен тоқтатылды.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі
04 маусым 2018 ж. 1 203 0