Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Партиялық бақылау комиссиясының көшпелі отырысы өткізілді

Партиялық бақылау комиссиясының көшпелі отырысы өткізілді

Кеше Арал аудандық ардагерлер үйінде “AMANAT” партиясы Арал аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының көшпелі отырысы өткізілді.

Көшпелі жиынды “AMANAT” партиясы Арал аудандық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ембергенова Нұрсауле Сайлауқызы ашып жүргізді.
Сондай ақ, отырысқа филиал төрағасы Төрахметов Базарбай Шөменұлы, Атқарушы хатшы Қанатов Талғат Мырзағұлұлы, ардагерлер, тиісті бөлім басшылары қатысты.

Көшпелі отырыстың күн тәртібінде 2 мәселе қаралды:

1. Ардагерлерге көрсетілетін әлеуметтік және медициналық қолдаулар мен көмектер туралы;

2.Ауданымыздағы “АРТ СПОРТ” бағдарламасының жүзеге асырылуы барысы туралы.

Аталған күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мекеме басшылары хабарлама жасап, комиссия мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
Отырыс соңында көтерілген мәселелер бойынша қаулылар қабылданып, тиісті мекеме басшыларына ұсыныстар берілді.

#AMANAT
29 сәуір 2025 ж. 75 0