Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Партиялық бақылау комиссиясы "Жайлы мектеп" ұлттық жобасының құрылысымен танысты

Партиялық бақылау комиссиясы "Жайлы мектеп" ұлттық жобасының құрылысымен танысты

Бүгін “AMANAT” партиясы Арал аудандық филиалының төрағасы Төрахметов Базарбай Шөменұлы, Атқарушы хатшы Қанатов Талғат Мырзағұлұлы, Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері,
Арал ауданы Сексеуіл кентінде салынып жатқан  "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы негізіндегі мектеп құрылысының жұмысымен танысты.
Мердігер компания өкілдерімен кездескен партиялық бақылау комиссиясы Ұлттық жобаны жүзеге асыру міндеті жүктелген азаматтарға маңызды әрі жауапкершілігі зор жұмыстар берілгенін тілге тиек етіп, құрылыс жұмыстары сапалы және уақытылы тапсырылу керектігін айтып өтті.
#AMANAT
30 сәуір 2025 ж. 69 0