Ауылдық округтерде жер жырту жұмыстары жалғасуда

Сол жұмыстардың біріне тоқталсақ, ауданға қарасты Бекбауыл ауылдық округі, Үкілісай елді мекенінің тұрғыны Қ.Есентаев подпленка әдісімен 6 гектар жерге бақша дақылдарын орналастырды.
Бұдан бөлек Ақирек ауылдық округінде «Думан» шаруа қожалығы 2 гектар жерге бақша өнімерін орналастыру үшін жер жырту жұмыстарын аяқтады.
Сондай-ақ, ауданға қарасты ауылдық округ, елді-мекен тұрғындары бұл жұмыспен шектелмей, алдағы уақытта бақшалық дақылдар егу үшін көктемгі дала жұмыстарын жалғастырмақшы.
Бүгінгі күнге, аудан бойынша 272 гектар жер жыртылып, әліде егістік жерлерді жырту жұмыстары жүргізілуде.