Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыстық ардагерлер кеңесінің кезекті алқа мәжілісі өтті

Облыстық ардагерлер кеңесінің кезекті алқа мәжілісі өтті

Kyzylorda-news.kz Облыс орталығындағы “Достық үйінде” облыстық ардагерлер кеңесінің кезекті алқа мәжілісі өтті.

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Дүйсенбаевтың төрағылығымен өткен алқа мәжілісіне Қармақшы, Шиелі аудандық ардагерлер кеңесінің төрағалары, ардагерлер қозғалысының белсенділері, БАҚ өкілдері және ZOOM форматында аудандық ардагерлер кеңесінің алқа мүшелері қатысты.
Алқада “Қармақшы аудандық ардагерлер кеңесінің ардагерлер белсенділігін арттыру мен ардагерлер қозғалысына тарту бағыттарындағы атқарылған жұмыстары" мәселесі қаралып, қызу талқыланды. Ардагерлерге көрсетілетін медициналық көмек, әсіресе денсаулығы бойынша дәрігерлік есепте тұрған ардагерлерді тегін дәрілермен қамтамасыз ету жайында ұсыныс-пікірлер айтылды. Қаралған мәселе бойынша айтылған ұсыныс-пікірлерді ескере отырып тиісті қаулы қабылданды.

Мәжіліс соңында бір топ ардагерлер қозғалысының белсенділері “Қызылорда облысының құрметті ардагері” төсбелгісімен марапатталды.
09 мамыр 2025 ж. 33 0