Аралда өндіріс орны ашылды

– Мемлекетіміздің қазіргі таңда алға қойған басты мақсаттарының бірі – Отандық өндірісті дамыту арқалы халықтың әл-ауқатын көтеру, экономикалық тәуелділіктен арылу болып табылады. Біз бұл бағыттағы жұмыстарымызды жүйелеп, жергілікті жерде өнім шығару бастамаларын ұдайы қолдап келеміз. Өздеріңіз куә болып тұрған «Тұрмысқа қажетті ұнтақтар өндіру» жобасы Сіз бен біздің отандық өндіріс саласына қосқан үлесіміз. Құны 300 млн теңге болатын цехта күніне 22 тонна киім жууға арналған ұнтақ шығарылса, 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. Біз бұл арқылы Аралдың өзіндік брендін қалыптастырып,Отандық өндірісте бәсекеге қабілеттілікті арттыратын боламыз. Президенттің айтуынша, мемлекет отандық өнім өндірушілерді қорғауға міндетті. Бұл біздің экономикамыз өзгелер үшін жабық деген сөз емес, экономикамыз басқа елдерге әрдайым ашық болуға тиіс, бірақ ұлттық бизнестің мүддесін қорғау керек. Бұл еліміздің экономикалық тәуелсіздігін нығайтуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізеді, – деп цехтың басымдылығын өз сөзінде бағамдай кетті. Мұнан бөлек: "Президентіміздің қолдауымен Қызылорда қаласы ыстық суменқамтамасыз етілуде. Жоба құны 26 млрд 200 млн теңге. Келесі жылу беру маусымында қаламыз толық ыстық сумен қамтылады. Өңір тұрғындарының газбен қамту көрсеткіші 75 пайызды құрайды. Биыл газдандыру жобаларына 30 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, 306 шақырым газ желілері салынуда. Осы жобалардың арқасында биыл өңір халқының 78 пайызы көгілдір отынмен қамтылады. Келесі жылы 10-ның үстінде елді мекендердігаздандыру жоспарлануда" деп аймақ төріндегі бірқатар жобаларға тоқталып өтті.
Ұнтақ өнім шығаратын цехтың ашылу салтанатында «Ase Іnvest» ЖШС-ның құрылтайшысы Н.Аманжолов, технологы Н.Ізбасаров, инженер-механигі Қ.Шаңғытбаевтарға облыс әкімінің Алғысы табысталды.
Мұнан бөлек ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
М. Ергешбаев аралдықтарды жаңа зауыттың ашылуымен құттықтап сөз сөйлесе, Арал ауданының Құрметті азаматы Ә.Садықбай батасын берді.





О. ЖЕКСЕМБАЙҰЛЫ