Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыс әкімі кварц құмын байыту тау-кен комбинатына барды

Облыс әкімі кварц құмын байыту тау-кен комбинатына барды

Арал ауданына сапары барысында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Aral Quarts кварц құмын байыту тау-кен комбинатына барды.
Жылына 120 мың тонна кварц құмын өндіретін кәсіпорын алғашқы кезеңде 40 маманды жұмыспен қамтыса, ІІ кезеңде 172 мың тонна құрғақ құрылыс ұнтағын шығаруға ден қойып, 88 маман еңбекке тартылды. Өндіріс орны ішкі нарықты 80 пайыз өніммен қамтиды.
Нұрлыбек Нәлібаев шыны зауытына қажетті өнімді осы өндіріс қамтамасыз етуі керек екендігін алға тартып, комбинат жұмысын бағдарлады.
Кәсіпорын айына 5500-6000 тонна өнім өндіруге қауқарлы. Қазіргі таңда 3.5 мың тонна өнім дайындалған.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
06 қыркүйек 2022 ж. 689 0