Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауданда кварц құмын өңдейтін комбинаттың бірінші кезеңі іске қосылды

Ауданда кварц құмын өңдейтін комбинаттың бірінші кезеңі іске қосылды

Ауданға қарасты Шөміш елді мекенінен 18 шақырым жерде «Aral Quartz» ЖШС-нің кварц құмын байыту бойынша тау-кен комбинатының құрылысы жүргізілуде.

Аталған комбинаттың I кезеңінің іске қосылу рәсіміне аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова қатысып, жаңа өндіріс орнының жұмысына сәттілік тіледі. Өндіріс орнын іске қосу рәсімінен кейін «Aral Quartz» ЖШС-нің директоры Қадірбеков Мамадияр аймақ басшысына цехтағы кварц топырағын өңдеу прецестерінің кезеңдерін түсіндіріп өтті.

Комбинат жылына 120 мың тонна байытылған кварц концентраты мен құрғақ құрылыс ұнтақтарын өндіреді, нысан толық іске қосылғанда 70 жаңа жұмыс орын құрылады. Дайын өнімнің 30% ішкі нарыққа, 70% экспортқа шығарылады.

Айта кетейік, комбинат өндіретін кварц құмы жуырда жұмысын бастаған шыны зауытының өндірісінде қолданылмақ. Бұл өнімге шетелден де сұраныс жоғары. Жобаның екінші кезеңінде цех қуаттылығын арттыру және өнім түрлерін көбейту мақсатында жаңа нысанның құрылысы басталды.

"Толқын" ақпарат
28 желтоқсан 2021 ж. 599 0