Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Кварц құмын байыту бойынша тау-кен комбинатының құрылысы салынады

Кварц құмын байыту бойынша тау-кен комбинатының құрылысы салынады

Ауданға қарасты Шөміш елді мекенінен 18 шақырым жерде кварц құмын байыту бойынша тау-кен комбинатының құрылысы салынады. Бұл үшін кварц құмының мол қоры бар аймақтан жоба бастамашысы «Aral Quartz» ЖШС-не 4 гектар телімі берілген.

Аталған жоба «Индустрия-инновациялық даму бағдарламасы аясында өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілген.
Бүгін аудан әкімі С. Сермағамбетов комбинат құрылысы салынатын аймаққа барып, жасалып жатқан жұмыс барысын көрді.

Қазіргі таңда кварц құмын өңдеуге арналған цех құрылысы аяқталуға жақын. Қажетті құрылғылар жеткізіліп, орналастырылуда.

«Aral Quartz» ЖШС-нің директоры Қадірбеков Мамадияр аудан басшысына цехтағы кварц топырағын өңдеу прецестерінің кезеңдерін түсіндіріп өтті.

Аудан әкімі арнайы құрылғылар арқылы топырақты өңдеу бойынша жүргізілетін жұмыстармен таныс болған соң комбинаттың негізгі бөлігі салынатын құрылыс алаңының қазығын қағып, жергілікті жерде бастау алып жатқан ірі жоба құрылысының сәтті аяқталып, қарқынды жұмыс жасауына тілектестігін білдірді.

Жоба бойынша толық іске қосылған комбинаттың жылына 120 000 тонна байытылған кварц концентратын шығаруға қауқарлы.

Атап өтейік, құрылыс басында аудан әкімі Шөміш елді мекенінің тұрғындарымен кездесіп, ауылдағы өзекті мәселелерді талқылап, уәждерін тыңдады. Шөміштіктер ұялы байланыс және тұрмыстық қалдықтар тастайтын арнайы орын қажеттігі, ауылішілік жол және электр бағаналарындағы сымдарддың төмендеу орналасқандығын айтты. Аудан басшысы тұрғындар тарапынан айтылған әрбір ұсыныстың ескерусіз қалмай шешімін табу бағытында тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді.






Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

14 қазан 2021 ж. 645 0