Екі жақты меморандумға қол қойылды

Меморандумның негізгі мақсаты театрлар арасында шығармашылық әлеуетті дамыту, тараптар арасында өзара тәжірибе алмасу арқылы шығармашылық жобаларды жүзеге асыру және олардың сапасын арттыру, жаңа идеяларды, инновацияларды және шығармашылық бастамаларды қолдау мен дамыту үшін ортақ алаң құру, шығармашылық саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты нығайтып, бірлескен жобалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету, кәсіби шеберлікті арттыру мақсатында мамандар арасында білім және тәжірибе алмасу болып табылады.
Осы меморандум аясында алдағы уақытта бірлесе атқаратын ауқымды істер мен нәтижелі жұмыстар жүргізіледі деп жоспарлануда.
syrboyi.kz
