Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәуелсіздік көшесін алып тастаған әкім қызметінен кетті

Тәуелсіздік көшесін алып тастаған әкім қызметінен кетті

Талдықорғанға жаңа әкім тағайындалды. Енді бұл қызметті бұған дейін Тараз қаласын басқарған Ғалымжан Әбдірайымов атқарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ал бұған дейін Талдықорған қаласының  әкімі болған Дастан Шалтабаев Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Бұл жөнінде Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Данияр Жаныс мәлім етті.

Айта кетейік, Дастан Шалтабаев Талдықорған қаласының әкімі болып бір жыл ғана істеді. Ол бұл қызметке 2018 жылдың мамыр айында тағайындалған еді.
gu-gu.kz
12 сәуір 2019 ж. 946 0