Екі қызды өрттен құтқарған студентке Алматы облысының әкімі білім грантын сыйлады
Талдықорған қаласында тұрғын үйдің бірінде болған өрттен екі қызды құтқарып қалған 19 жастағы Арман Бақтыбайды Алматы облысының әкімі Амандық Батталов қабылдады деп хабарлайды 31 арна.
Арман Жетісу университетінің "Спорт және дене шынықтыру" мамандығында ақылы бөлімде оқиды екен. Батыр жеткіншектің анасы қайтыс болып кеткен. Ал әкесі зейнеткер.
Ақылы бөлімде оқыған Арман енді грантқа ауыстырылатын болды.
Әкім студенттің 8 сыныпта оқитын жалғыз қарындасына да көмектесетінін айтты.Батталов студенттің ерлігіне алғысын білдіріп, ноутбук сыйлады.
Еске сала кетсек, Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында орналасқан тұрғын үйдің бірінде 6 наурызда өрт шықты. Оқиға кезінде жергілікті жоғары оқу орнының студенті екі қызды құтқарып алған болатын.
kaz.nur.kz