Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Барсакелмес» бастауыш партия ұйымының материалдық - базасымен танысты

«Барсакелмес» бастауыш партия ұйымының материалдық - базасымен танысты

«AMANAT» партиясы Орталық аппаратының Ұйымдастыру және аймақтармен жұмыс департаментінің инспекторы Еркін Дәрібаев пен партияның облыстық филиал төрағасы Алмасбек Есмаханов Арал ауданындағы жұмыс сапары аясында Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы мекемесінде орналасқан «Барсакелмес» бастауыш партия ұйымында болып, ұйымның материалдық - базасымен танысты.

Бүгінде бастауыш партия ұйымында 4 топтық ұйымға біріктірілген 230 партия мүшесі бар. Бастауыш партия ұйымы орналасқан табиғи қорық мекемесінің басты – мақсаты табиғи ландшафтар эталонын, мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен қоса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Бүгінгі таңда қорық мекемесінде 58 адам жұмыс жасайды.

Мұнан соң партия инспекторы Еркін Дәрібаев партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмахановпен бірге партияның аудандық филиалының атқарған жұмыстарын саралап, тиісті әдістемелік - нұсқаулық көмек көрсетті.

Атап өтейік, партияның Арал аудандық филиалына қарасты 98 топтық ұйымнан біріктірілген 23 бастауыш партия ұйымына 7 мыңға жуық партия мүшесі бар.

#AMANAT
28 мамыр 2025 ж. 35 0