Бастауыш партия ұйымы төрағаларының есеп беру жиналысы тыңдалды

Күн тәртібіндегі мәселе 2023 жылы атқарылған жұмыстар төңірігінде есеп беру. Көрсетілген жылдары бастауыш партия ұйым мүшелерінің партиялық жобалар мен партияның сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асқан шараларға белсене қатысқандығын мәлімдеді. Сонымен қатар жиын барысында бастауыш партия ұйымдары жергілікті жерде партия саясаты мен оның стратегиялық міндеттерін жүзеге асырып, халықпен және әрбір партия мүшесімен етене жұмыс істейтін құрылым екендігіне басты назар аударылды.
Филиал Төрағасы Төрахметов Базарбай Бастауыш партия ұйымдарының жұмыстарына оң бағасын берді. Партияның негізгі күші мен тірегі болып табылатын бастауыш партия ұйымдары қызметін жаңғырту жұмыстары алдағы уақыттарда да жалғасып, бастауыш ұйымдар мен филиалдар арасындағы кері байланыс, сонымен қатар әлеуметтік желідегі жұмыстың және жарнаның уақытылы орындалуын қадағалауды тапсырды.

