Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Барлық бастауыш партия ұйымында есеп беру жиналысы болып өтті

Барлық бастауыш партия ұйымында есеп беру жиналысы болып өтті

“AMANAT” партиясы Арал аудандық филиалына қарасты барлық 33 бастауыш партия ұйымында ағымдағы жылдың 3-11 тамыз аралығында 2021-2022 жылы атқарылған жұмыстар бойынша есеп беру жиналыстары ұйымдастырылды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе 2021-2022 жылы атқарылған жұмыстар төңірегінде есеп беру. Көрсетілген жылдары бастауыш партия ұйым мүшелерінің партиялық жобалар мен партияның сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асқан шараларға үлкен үлесі бар. Әр БПҰ жиналысына, аудандық мәслихат депутаттары қатысып, алға қойған мақсат-міндеттермен бөлісті.

Одан әрі, барлық бастауыш партия ұйымы Арал аудандық кезекті ХLII конференциясына делегат сайлады.
#AMANAT
14 тамыз 2023 ж. 150 0