Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарақұмға жаңа әкім сайланды

Қарақұмға жаңа әкім сайланды

Аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев жұмыс сапарымен қырдағы Қарақұм ауылдық округіне барып, кешегі өткен сайлау қорытындысына сәйкес жаңадан сайланған ауыл әкімін қызметімен құттықтап, тұрғындарға таныстырып өтті.

Ауылдық округ әкімшілігі ғимаратында өткен басқосуда аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Н.Зағатов сайлауға қатысқан үміткерлердің ішінен халықтың басым қолдауына ие болған Асқар Шарапатов ауыл әкімі болып сайланғанын ресми түрде атап өтіп, арнайы қызметтік куәлік табыстады.
Кездесуде аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы жаңадан сайланған ауыл әкіміне сенім білдіріп, ауылдың өзекті деген мәселесін уақытылы көтеріп, шешімін табуға жұмыс жасау керектігін жеткізді. Әсіресе қазіргі уақтта дала зиянкестерінен келген қауіптің бетін қайтаруға, қыстық мал азығына қажетті жем-шөптің жеткілікті мөлшерін анықтап, тиісінше уақыт жоғалтпай ұсыныс енгізу керектігін атап өтті. Сондай-ақ осы кезге дейін елмен етене жұмыс жасап, халықтың көңілінен шыға білген бұрғынғы әкім қызметін атқарған М.Бозғұлға арнайы Алғыс хат табыстады. Жұмысына жақсы баға беріп, елдің ризашылығын жеткізді.

Ауыл ақсақалдары бір ауыздан сайлаудың ашық әрі әділ өткенін айтып, ел сеніміне ие болған жаңа әкімді жақсы жұмыс жүргізеді деген тілектерін жеткізді. Сонымен қатар елге ортақ мәселелерді көтеріп, жағдайға байланысты жергілікті биліктен уақытылы қолдау болса деген тілектерін жеткізді.

Сапар барысында аудан әкімі А.Оңғарбаев Тоқабай ауылындағы демеушілік есебінен салынып жатқан №248 орта мектептің құрылыс жұмыстарымен танысты.

Қазіргі таңда мектеп ғимаратының негізі блогы толық аяқталған. Қосымша екі блоктың құрылысы жүруде. Спорт зал мен асхана және қосымша бөлмелер бойынша ішкі әрлеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Сәтін салса алдағы бірер айдың шамасында ел күткен еңселі ғимарат толықтай аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

03 маусым 2025 ж. 86 0