Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Сапақтағы ағайынмен жүздесті

Аудан әкімі Сапақтағы ағайынмен жүздесті

Бүгін аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев ауданға қарасты Сапақ ауылдық округіне жұмыс сапарымен барып, ауылдағы әкімшілік ғимаратта тұрғындармен жүздесті.

Ең алдымен 1 желтоқсанда өткен сайлау қорытындысы бойынша ауыл тұрғындарының үлкен сеніміне ие болған Жангелді Бозжігітұлы Жалғасбековтің қызметіне сәттілік тілеп, бірқатар маңызды тапсырмалар жүктеді.

Атап айтар болсақ, ағымдағы жылдың 1 желтоқсаны күні Сапақ ауылдық округ әкімінің сайлауына барлығы 413 тұрғын қатысып, өз таңдауларын жасады. Сапақ ауылдық округі әкіміне 3 үміткер ниет білдіріп, қорытындысымен «AMANAT» партиясынан ұсынылған Жалғасбеков Жангелді Бозжігітұлы халықтың басым дауысына ие болып, Сапақ ауылдық округінің әкімі лауазымына сайланған болатын.
Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрбек Зағатов ауыл әкіміне қызметтік куәлігін табыстап, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Мұнан соң аудан әкімі ауыл тұрғындарымен пікірлесіп, елдегі өзекті деген мәселеге қанықты. Ауыл тұрғындары жаңа мектеп және дәрігерлік амбулатория салу мәселесін көтерді. Бұл мәселелерге қатысты аудан әкімі заңдылығына сай жауап берді.

Тұрғындар тарапынан мұнан өзге ауылішілік электр жарығының кернеуіне қатысты және ауыл іргесінен өтіп жатқан транзиттік көлік дәлізі бойынан мал өткелін салу сынды мәселелер көтерілді.

Аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы алдағы жылдары айтылған мәселеге қатысты түйткілдің тінін тарқатуға жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.
Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі
11 желтоқсан 2024 ж. 101 0