Сапақтағы серпінді істер

Осы ауылдық округке қарасты Көктем елді мекенінің өзекті мәселелерін көтере келген зейнеткер Қ.Көлов, ауылдағы ауыз су тапшылығын атқарушы биліктің назарына салды. Сонымен қатар, ауылға кіре беріс 4 жарым шақырымдық жолдың сапасы нашарлап, көліктер қозғалысына қиындық тудырып келе жатқандығын жеткізді. Бұл мәселені сол ауылдың тұрғыны Ә.Молжігітов те көтерді. Ал, Сапақ елді мекенінің тұрғыны, зейнеткер Ж.Жасанов аудан әкімінің есептік баяндамасына жақсы бағасын беріп, өзінің ризашылығын жеткізді. Көтерілген мәселелер алдағы жылдың еншісінде болатынын және осы жұмыстарды ұдайы назарда ұстайтынын айтқан аудан әкімі М.Оразбаев елдің тілегі қашанда ескерілетінін сеніммен жеткізді.
Алтынбек Бисенов.