Аралқұм және Бекбауыл ауылдарының әкімдері сайланды

Аралқұм ауылдық округі әкімінің сайлауына 982 сайлаушы қатысып, өз таңдауларын жасады. Ауылдық округі әкіміне 3 үміткер ниет білдіріп, қорытындысымен өзін-өзі ұсынған Әбдіқалықов Жұбатхан Серікұлы халықтың басым дауысын жинап, Аралқұм ауылдық округінің әкімі лауазымына сайланды.
Аудан әкімі Аралқұм ауылына барып, елге жаңадан сайланып жатқан әкімді таныстырып, аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Н.Зағатов қызметтік куәлігін табыстады. Ауыл ақсақалдары жаста болса бас болып, ел тізгінін ұстап жатқан Жұбатхан Серікұлының жаңа қызметіне сәттілік тілеп, батасын берді.
Бекбауыл ауылдық округі әкіміне 3 үміткер ниет білдіріп, сайлау қорытындысымен өзін-өзі ұсынған Сейітов Әлімжан Сүйеубайұлы халықтың басым дауысын жинап, Бекбауыл ауылдық округінің әкімі лауазымына сайланды.

2011-2013 және 2017-2021 жылдары Бекбауыл ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарған Ә.Сейітовтің жаңа қызметіне ел ақсақалдары тілектестік білдіріп, елді мекендегі қоғамдық-саяси ахуалды сақтау, әлеуметтік-экономикалық өсімді қамтамасыз ету, Ұлттық жобалар мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын үйлестірумен қатар елге ортақ мәселелерді уақытылы шешуге күш салатынына сенім білдірді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Арал ауданы әкімдігі