Қызылордада алғаш рет журналистер арасындағы «TWO STARS» ән-шоу байқауы өтті
БАҚ қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Қызылордада алғаш рет «TWO STARS» (Екі жұлдыз) атты ерекше ән-шоу байқауы өтті.Сахна төрінде жарқыраған жұптардың бірі – Өңірлік коммуникациялар қызметінің атынан қатысқан Динар Рахман мен Жания Төребекова. Креатив пен көңілді образ, шынайы өнер мен жарасым – бәрі де бұл жұптың бойынан табылды.
Динар мен Жания тек жұмыста емес, шығармашылық алаңда да бірін-бірі толықтыра алатынын дәлелдеді. Қазылар алқасы мен көрерменнің ықыласына бөленген қос әріптес арнайы жүлдеге ие болды.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі 
		




		
		



