Түрмедегі "Қазақ аруы": ең сұлу қылмыскер әйел анықталды

Байқау үш кезеңнен тұрды. Қатысушылар көрерменге өз өнерін паш етіп, жасаған бұйымдарын ұсынды. "Ұлттық нақыштағы киім, сахналық образ, сөйлеу мәнері мен би. Мұның бәрі көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады", - деді комитеттің баспасөз қызметі.
Байқау тәжіне алаяқтық жасағаны үшін сотталған үміткер ие болды. Қатысушылардың бәріне құнды сыйлықтар мен "Шапағат" қорының дипломы табысталды. Бас жүлде – тігін машинасы.