Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » БАҚ саласының өкілдері жоғары марапаттарға ие болды

БАҚ саласының өкілдері жоғары марапаттарға ие болды

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен бірқатар БАҚ саласының өкілдері жоғары марапаттарға ие болды.

Олардың қатарында жерлесіміз, «Таңшолпан» бағдарламасының жүргізушісі Ирина Тен де бар. Аудан мақтанышы, журналистика саласының жарқын өкілі саналған Иринаға ҚР Президентінің Алғысы жарияланды.

Ирина Тен – тележүргізуші, журналист,«Қазақстан» Ұлттық телеарнасындағы «Таңшолпан» бағдарламасының жүргізушісі. 1992 жылы Қызылорда облысы, Арал қаласында дүниеге келген.

Ирина әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін тәмамдаған. Өзінің телевизиядағы еңбек жолын студенттік күнінен-ақ бастап кеткен ол бүгінде ұлттық арнадағы «Таңшолпан» бағдарламасын тізгіндейді.

Жерлесімізді жоғары марапатымен құттықтаймыз!
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 

25 маусым 2025 ж. 99 0