Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «QAZPOST» АҚ ұйымдастырған науқанның Бас жүлдесі – Қызылордада

«QAZPOST» АҚ ұйымдастырған науқанның Бас жүлдесі – Қызылордада

«Qazpost» АҚ ұйымдастырған «BOOM сыйлықтар» атты ауқымды науқанның негізгі кезеңі өз мәресіне жетті. Акция бірнеше ай бойы еліміздің түкпір-түкпірінде өткен болатын. Қатысушылар әр ай сайын кем дегенде 70 000 теңгеге сауда жасап, әр чектің сомасы 10 000 теңгеден кем болмауы тиіс деген шарттарды орындау арқылы ұтыс ойынына қатысу мүмкіндігіне ие болды.
Науқанның басты шарты – үш кезеңнің әрқайсында үзіліссіз қатысу. Нәтижесінде, белсенділік танытқан қатысушылардың ішінен ең сәттісі таңдалып, негізгі ұтыс ойыны 16 маусым күні өткізілді.
Қуанышты жаңалық – науқанның бас жүлдесі – «Apple iPhone – 16» смартфонын Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының тұрғыны, науқанның белсенді қатысушысы Сүлеймен Перизат жеңіп алды!
Жеңімпаз «Qazpost» АҚ-ның қызметін үнемі қолданып, отбасылық қаражатын осы мекеме арқылы алып, қолма-қол қаржы қолданысын жасап жүрген тұрғын. Ол – Жаңақорған ауданындағы «Жания» балабақшасында медицина қызметкері болып қызмет атқарады.
Жеңімпазды құттықтай отырып, «Qazpost» АҚ-ның науқан арқылы тұтынушылар белсенділігін арттыруға, отандық сауданың дамуына өз үлесін қосып келе жатқанына алғыс айтамыз. Перизаттың жеңісі – науқанға сеніммен қарап, талаптарды тиянақты орындаудың нақты нәтижесі.
Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, алдағы уақытта да «KAZPOST» компаниясы ұсынған қос бірдей тиімді науқанға қатысуға шақырды.

5% кэшбэк – төлем жасағанның өзі пайдалы!

2025 жылдың 16 маусымы мен 31 тамызы аралығында «KAZPOST» тұтынушылары үшін тиімді ұсыныс іске қосылды. «Apple Pay» және «Google Pay» арқылы «KAZPOST VISA» картасымен төлем жасаған әрбір тұтынушыға 5% көлемінде кэшбэк қайтарылады.
Ай сайынғы ең жоғарғы кэшбэк сомасы – 10 000 теңге. Егер тұтынушы екі төлем жүйесін қатар қолданса, айына 20 000 теңгеге дейін кэшбэк алуға мүмкіндік бар.
Бұл – тек заманауи және қауіпсіз төлем тәсілдерін қолданып қана қоймай, әр сатып алудан үнемдеуге таптырмас мүмкіндік.

«KAZPOST VISA» картасымен «СЫЙЛЫҚТАР ӘЛЕМІН АШ!» науқаны

2025 жылдың 15 маусымы мен 15 шілдесі аралығында «KAZPOST VISA» картасын қолданушылар үшін арнайы науқан жарияланды. Науқанға қатысу үшін «KAZPOST VISA» картасын иелену (науқан кезеңінде ашуға да болады), «Wildberries», «Lamoda.kz», «Ozon», «Temu», «Taobao» және өзге де маркетплейстерден онлайн сауда жасау және төлемді «KAZPOST VISA» картасы арқылы жүргізу жеткілікті.
Неғұрлым көп сауда жасасаңыз, ұтысқа түсу мүмкіндігі соғұрлым арта түспек. Науқанға тек тұтынушылар ғана қатыса алады (қызметкерлер қатыстырылмайды). Естеріңізге сала кетейік, Бас жүлде –«Dreame X50 Ultra» робот-шаңсорғышы.
«KAZPOST VISA» картасымен сауда жасау – қауіпсіз әрі тиімді. Смартфоныңыз арқылы төлем жасап, үнемдей отырып, бағалы сыйлықтардың иесі атанатын мүмкіндікті қалт жібермеңіз! Қатысыңыз, ұтыңыз, ұтып қана қоймай – ұмытылмас жазды есте қалдырыңыз!

«Qazpost-пен бірге «ЫСТЫҚ ЖАЗ!» науқаны басталды!

2025 жылдың 1 шілдесінен 30 тамызына дейін «Қазпошта» акционерлік қоғамы тұтынушылары мен қызметкерлеріне арналған «Qazpost-пен бірге «ЫСТЫҚ ЖАЗ!» атты кең ауқымды жазғы акция басталды!
Акцияға «Қазпошта» АҚ кез келген төлем картасының иесі – жеке тұлғалар қатыса алады. Бұл жолы қызметкерлерге де мүмкіндік беріліп отыр! Әрбір транзакцияның сомасы кемінде – 10 000 теңге, әр кезеңде жалпы төлем көлемі кемінде 100 000 теңге болуы тиіс.
БАҒАЛЫ СЫЙЛЫҚТЫҢ иегері атануға әрбіріңіздің мүмкіндігіңіз бар! Сондықтан баршаңызды белсенділік танытуға шақырамыз!
Қатысып қана қоймай, әріптестеріңізді де қолдап, ақпаратпен бөлісіп отырыңыз! Жүлделі науқан ыстық жаз секілді қыза түспек – «Qazpost-пен жаз шын мәнінде ЖАРҚЫН әрі ЫСТЫҚ!».
02 шілде 2025 ж. 63 0