Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Белгілі кардиохирург «Алтын медаль» иелендi

Белгілі кардиохирург «Алтын медаль» иелендi

Өткен жылдан бастап Қазақстан Журналистер одағы қоғамның түрлі саласында ерлік, елдік ісімен танылған, әсіресе экологиялық ахуалды жақсартуға, балаларға, қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетуде қайырымдылық, батырлық істерімен көрінген белсенді азаматтарға «Алтын медаль» төсбелгісін тағайындаған болатын.

Бұл марапатқа өрт сөндірушілер, құтқарушылар, дәрігерлер, мұғалімдер және т.б. өз кәсібінде сіңірген ерен еңбегі мен көпжылдық жетістіктері үшін азаматтар ие бола алады. Биыл осы төсбелгіге Қызылорда облысынан көпбейінді облыстық аурухананың жүрек-тамыр хирургиясы бөлiмiнiң меңгерушісі, белгілі бiлiктi кардиохирург-дәрiгер Берiк Русланұлы Дәуiтбаев ие болды. Қазақстан Журналистер одағының облыстық филиал төрағасы Қуат Шарабидинов төсбелгіні арнайы келіп табыстады.

Айта кетейік, Берік Дәуітбаев – кардиохирург, 20-дан астам ғылыми еңбектің авторы. Жыл сайын 170-тен астам күрделі операция жасап, ауыр дертке шалдыққан науқастардың өмірін сақтап қалуда.

Басқосуда сондай-ақ, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Ысқақов биыл 50-жасқа толған мерейтой иесiне ҚР Денсаулық сақтау министрінiң Құттықтау хатын берді.

syrboyi.kz
Фото: Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
14 шілде 2025 ж. 118 0