Құрылыс сапасына мән берілді
«AMANAT» партиясының Қызылорда облысы бойынша Сайлауалды бағдарламасында білім ордаларын салу және оларға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге ерекше мән берілген. Осы бағытта Арал қаласындағы Н.К.Крупская атындағы № 14 мектеп-лицейі күрделі жөндеуден өтуде. Осы орайда, “AMANAT” партиясы Арал аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қанатов Талғат Мырзағұлұлы мен партиялық бақылау комиссия мүшелері мектеп-лицейіне жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.
Ғимараттың құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде сонымен қатар ішкі жұмыстары яғни, қабырғаларды тегістеу, сырлау жұмыстары жасалуда.
Мониторинг барысында мердігер мекеме өкілі « НұрТехСервис» ЖШС-і құрылыс жұмыстарының барысымен таныстырып, барлық жұмыстар өз мерзімінде сапалы аяқталатынын жеткізді.


#AMANAT










