Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Фракция мүшелері елді мекен тұрғындарымен кездесті

Фракция мүшелері елді мекен тұрғындарымен кездесті

ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT»  партиясы депутаттық фракциясының мүшесі  Мұрат Ергешбаев, Сенат депутаттары  Наурызбай Байқадамов пен Руслан Рүстемов және  партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов  Арал ауданындағы жұмыс сапарын Сапақ елді мекенінің тұрғындарымен кездесуден бастады.

Онда  халық қалаулылары жыл басынан бері  Парламент қабырғасында  атқарылған ауқымды  жұмыстарға тоқталып, Сенат пен Мәжіліс шеңберінде қаралған заң жобаларының нәтижелерімен бөлісіп,  ауыл азматтарының ұсыныс-пікірлерін тыңдады.  Тұрғындар депутаттарға ауылдың  мәселелеріне тоқталды. Атап айтқанда елді мекендегі ең өзекті деген мәселелердің бір  жаңа мектептің құрылысын салу, сонымен қатар ауылішілік инфрақұрылымдарды дамыту  сынды мәселелерін сөз етті.

Елді- мекен халқымен кездесуден соң депутаттар 2004 жылы асарланып салынған №69 орта мектептің жай-күйімен танысты. 2 ауысым бойынша білім беретін білім ошағында 135 оқушы оқиды мектепте 6 оқу кабинеті жасақталған.
#AMANAT
18 шілде 2025 ж. 48 0