Бүгін – металлургтер күні

Жыл сайын шілденің үшінші жексенбісінде металл өндірумен және оны өңдеумен айналысатын адамдар өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді.
Құрылыс, машина жасау, мұнай-газ секторы және энергетика – аталған салалардың бәріне металлургтер өндіретін шикізат пен материалдар қажет.
Бұл күрделі мамандық жоғары технологиялық білімді, жауапкершілік пен зейінділікті, талдай білуді, сондай-ақ жаңа әдістер мен технологияларды үйренуге дайын болуды талап етеді. Ал металлургтердің өздері болаттай берік мықты жандар.
Фото: turkystan.kz