Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін сауда қызметкерлерінің кәсіби мерекесі

Бүгін сауда қызметкерлерінің кәсіби мерекесі

Бүгін сауда қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстанда шілденің төртінші жексенбісінде сауда қызметкерлері күні атап өтіледі.

Экономиканың маңызды секторларының бірі ретінде сауда елдің дамуына, халықтың әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді. Сала қызметкерлерінің арқасында біз отандық және шетелдік түрлі тауарлар мен қызметтерге қол жеткізе аламыз. Бүгінгі таңда электрондық сауда белсенді дамып келеді. Маркетплейстер мен әртүрлі цифрлық алаңдар өмірімізге тұрақты түрде еніп, ұсынылатын тауарлар ассортименті кеңейді, сондай-ақ оларды тез арада сатып алып-сатуға болады.

Сауда саласының өкілдерін құттықтаймыз. Зор денсаулық, бақыт, амандық және толағай табыс тілейміз!

Сурет: ortcom.kz
28 шілде 2024 ж. 125 0