Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа жанармай бекеті іске қосылды

Жаңа жанармай бекеті іске қосылды

Бүгін көлік нөпірі толастамайтын "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" транзиттік көлік дәлізі бойында заманауи үлгідегі «Sinooil» жанармай құю бекеті іске қосылды.
Бұл нысан – еліміздің транзиттік әлеуетін арттыру бағытындағы кезекті нақты қадамдардың бірі деуге болады. Жаңа жанармай бекеті халықаралық және өңіраралық тасымалдарды қамтамасыз ететін маңызды жолдың бойында орналасқан. Яғни, ауданға қарасты Сексеуіл кентіне бұрыла берісте орналасқан.
Жаңа нысан жол бойындағы сервистік инфрақұрылымды дамыту, транзиттік жүк ағынын тиімді қамтамасыз ету және жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатындағы жұмыстың бір бөлігі. Жобаның жалпы құны 500 млн. теңгені құрайды.
Күніне 100 көлікке қызмет көрсетуге қауқарлы жанармай бекеті жол бойындағы қызмет сапасын арттырумен қатар, жергілікті тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға да мүмкіндік береді. «Sinooil» ЖШС 10 адамды тұрақты жұмыспен қамтуда. Бұл өз кезегінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді.
"Толқын" ақпарат
25 шілде 2025 ж. 51 0