ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Жаңақорған мен Шиелідегі егіс алқаптарын аралады

Аудандағы 161 шаруашылықтың 118-і күріш егумен айналысады. Қазіргі таңда 24 шаруашылық құрылымының алқаптарында 56 насос қондырғысы күріштіктерді суаруға пайдаланылуда.
Ал Жаңақорған ауданында ауыл шаруашылығы дақылдары 35 453 гектар жерге егілген. Мұнда да дәнді, малазықтық және бақша дақылдарының үлесі басым. Күріш егістігі 7 300 гектар.
ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Жаңақорған мен Шиелідегі егіс алқаптарын аралады.jpg
Аудан бойынша егін шаруашылығымен 460 шаруашылық айналысса, соның 243-і күріш өсіреді. Жергілікті шаруашылықтардың су тапшылығы мәселесін шешу мақсатында 39 насос қондырғысы орнатылған. Қазір 10 шаруашылықтың алқаптарында 24 насос іске қосылып, күріш және көкөніс, бақша дақылдары суарылуда.
Фото: Қызылорда облысы әкімнің баспасөз қызметі