Сайлауалды бағдарламасы аясында салынып жатқан құрылыс нысанын аралады

Бүгінгі күнде құрылыстың 68 пайызы орындалып отыр. Жобаның жалпы құны –3 584 924 324 теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстарына жалпы 92 адам жұмылдырылған.
Білім ордасының құрылысын көзбен көрген Мәжіліс депутаты нысанның мерзімінде әрі сапалы түрде халық игілігіне берілуі қажет екенін баса айтты.
"Жайлы мектеп" құрылысы тікелей Президенттің бақылауында.Бұл "AMANAT" партиясының сайлауалды бағдарлмасына еніп отыр. Құрылыс толық аяқталып, елге табысталмайынша партиялық бақылау бекеті алынбайды. Болашақта халық алғысын алатындай жұмыс жасалу керек. Әрине, бұл жерде ең маңыздысы сапа"-деді Мархабат Жайымбетов.
#AMANAT