Табиғатымызды өрттен сақтайық!

Ауаның құрғақтығы, үнемі жел болатындығы, өрттің таралуына және тез етек алуына мүмкіндік береді. Күннің ыстық кезінде өрт оттың болмашы ұшқынынан-ақ болуы мүмкін. Егер кешкі мезгілде от жағатын болсаңыздар, ашық алаңқайда радиусы 1 метр жерді шөптен тазартып, шұңқыр қазып, болғаннан соң міндетті түрде отты сөндіріп, үстіне су құйып, орнын құммен көміп кету қажет.
Сонымен қатар, ауылдық округ тұрғындары шабындықтармен жайылымдарда, егістік жерлерде қамыстан тазарту мақсатында от қоюға қатаң тиым салынатынын ескертеміз.
Табиғат байлығын қорғап және бүлдірмей пайдалану әрбір адам баласының абыройлы борышы болып саналатынын ұмытпайық ағайын!
Табиғат байлығын қорғап және бүлдірмей пайдалану әрбір адам баласының абыройлы борышы болып саналатынын ұмытпайық ағайын!
Б.Махатов,
Арал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы
азаматтық қорғау подполковнигі.