"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы жалғасуда

Жиында Еркін Жұмаханұлы алдымен Арал қаласындағы бөлінген секторлар бойынша тазалық, абаттандыру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыру қажеттігін айтты. Әр аймақтағы стихиялы қоқыстарды жою, электр және жарықшам орнатылған бағаналарын сырлау, балалар ойын алаңдарын, мәдени демалыс орындарын, аллеяларды үйінді құмдардан, жабайы шөптерден тазартып, сыртқы қоршауларын бірыңғай эскиздік кодқа сәйкестендіру жөнінде сектор жетекшілері мен дербес бөлім, мекеме басшыларына тапсырылды.
Алдағы аудан көлемінде өткізілетін сенбілікте ұйымдастырылатын жұмыстарды алдын ала нақтылап, техникаларды жұмылдыру қала, кент, ауылдық округ әкімдері мен сала басшыларына жүктелді.
Мұнымен бірге жол белгілері мен автомобиль жолақтарын талапқа сәйкестендіру, кәсіпкерлік нысандардың қас-келбеттері мен аумақтары ретке келтіру, аудандағы туризм аймақтарының тазалығын қамтамасыз етіп, жол бойындағы сервистік кешендердің санитарлық тазалығын бақылауға алу қажеттігіне тоқталып, жауаптыларға тапсырмалар берді.
Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі