Аудан әкімі құрылысшыларды мерекемен құттықтады

Алдымен құрылысшы мамандығының және оның қоғамдағы маңызы мен өзектілігіне тоқталған аудан басшысы құрылыс саласы бойынша аудан көлемінде атқарылып жатқан бірқатар жұмыстар жайын сөз сабақтады.
– Құрметті құрылыс саласының қызметкерлері және ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Құрылысшылар күнімен құттықтаймын. Озық елдер көшіне ілесіп, қалалар келбетін айшықты етуде құрылыс саласының маңызы ерекше. Бұл салаға тән кәсіби мереке өткен ғасырдың орта шенінен бастап атап өтіліп келеді. Еліміздегі құрылыс саласы – Отандық экономиканың басты қозғалтқыш күшіне айналды. Бүгінде Сіздердің мамандықтарыңыз ең қажетті, ең ықпалды әрі үлкен мамандықтар қатарында. Салыстырмалы түрде алатын болсақ осы Аралдың өзі қайнаған құрылыс алаңына айналып тұр. Жер жерде салынып жатқан ғимараттар мен жүргізіліп жатқан әлеуметтік инфрақұрылымдардың барлығында құрылысшылар еңбек етуде. Баршаңызды бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін, – деді аудан әкімі.
Жиын барысында саналы ғұмырын құрылыс саласына арнаған алдыңғы аға буын мен аудандағы құрылыс саласының дамуына ерекше үлес қосып жүрген бір топ құрылысшылар аудан әкімінің Алғысымен марапатталды.
Аудан әкімінің құрылысшыларға көрсеткен құрметін жоғары бағалаған сала ардагерлері мерекеге орай өздерінің ыстық ықластарын арнап, ізгі тілегін жеткізді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі